Жарнама
Жаңалықтар

Құрманғазы ауданындағы​ Афанасьев ауылына интернет пен ұялы байланыс желісі орнатылды

​Бұл туралы Құрманғазы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Осы уақытқа дейін ауыл тұрғындарына интернетті пайдалану біршама қолайсыздықтар туғызып келген болатын. Бүгінде Мақаш ауылына қарасты Афанасьев елді мекеніне интернет пен ұялы байланыс желісі орнатылып, бұл мәселе оңтайлы шешімін тауып отыр. 

284 тұрғын мекендейтін ауылға 30 шақырымға дейін ұялы байланыс желісі, 2-3 шақырымға дейін интернет желісін қамтитын базалық станциясы орнатылды. Бұл жұмысты «LG Commerse» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алған.

Мақаш ауылдық округі әкімі Бауыржан Қадыровтың айтуынша, байланыс желісін кеңейту арқылы ауылға қарасты Көкарна елді мекеніне де қосу осы жылдың жоспарында бар. Ал интернеттің игілігін көрген ауыл тұрғындарының қуанышында шек жоқ.

-Ауылға байланыс желісі қондырылғаны жақсы болды. Балалар үшін тиімді, өздеріне керекті материалдарды интернеттен қарап, біле алады. Интернет қосылғалы жұмысымыз жеңілдеп, көп ақпаратқа қол жеткізудеміз. Қазір бізде байланыс бойынша қиындық жоқ,- деді Афанасьева елді мекенінің тұрғыны Гүлмира Аймағанбетова.

Айта кетей, Құрманғазы ауданы Мақаш ауылдық округіне бес елді мекен қарайды. Мұндағы халық саны 2750.

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button