Қаза болған жауынгерге ескерткіш тақта орнатылды

zhauinger1 Өткен жылы әскери жаттығу кезінде әріптестерін құтқару кезінде қаза тапқан қатардағы жауынгер Бақытжан Қалыбайға ескерткіш тақта орнатылды. Ескерткіш тақта сарбаздың туған ауылы – Мақат ауданындағы Бәйге төбе ауылындағы мектепте ашылды. 
   Іс-шараға сарбаздың ата-анасы, туған-туыстары, жергілікті және мектеп әкімшілігі, оқушылар қатысқан тағылымды шараға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев арнайы келіп, «Бақытжанның ерлігі өскелең ұрпақ үшін ерлік пен абыройдың эталоны болуы тиіс», – деді.

zhauinger2Еске сала кетсек, қайғылы оқиға былтыр 18 қыркүйекте Ақтауда «Орталық-2015» жаттығуы кезінде орын алды. Ол кезде суға кетіп, төрт сарбаз қаза тапқан болатын. Олардың барлығы да «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.
 
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз