Құрманғазы ауданында 45 маманға бір жолғы көтерме жәрдемақы төленді 

c63e8f69 4ed6 445d 91a8 5a39b1ac9566 Жаңалықтар

Бұл туралы Құрманғазы ауданының әкімі Марат Мурзиев мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.  

Биыл ауданға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында еңбек жолын бастауға 45 маман келген. Оларға 13 млн 700 мың теңге көлемінде бір жолғы көтерме жәрмемақы төленген. Сондай-ақ 9 маманға тұрғын үй алу үшін бюджеттік кредит төленіп отыр.   

– Осы  жылы ауданға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында бірнеше жас маман келді. Олардың әр қайсысына жәрдемақы төленді. Ол мамандарды одан әрі ынталандыру мен тұрақты жұмысқа қалдыру үшін атқарылып отырған жұмыс. Сонымен қатар 9 маманға 41 млн 300 мың теңге көлемінде тұрғын үй алу үшін бюджеттік кредит берілді,- деді М.Мурзиев. 

Жалпы бағдарлама аясында ауылға білім беру саласына 32, мәдениетке 1, денсаулық сақтау бойынша 2, спортқа 4, ветеринария саласына 4 маман және 2 қызметкер мемлекеттік қызметке келген.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз