Пошта және емхананың терезесін сындырған бұзақы жауапқа тартылды

1 15 Жаңалықтар

Атырауда пошта және емхананың терезесін сындырған бұзақы жауапқа тартылды. Әкімшілік іс Махамбет аудандық сотында қаралған.

1

Сот отырысында анықталғандай, құқықбұзушы Т. алкогольдік ішімдік ішіп алып, мас күйінде Сарытоғай ауылының «KAZ» почта және жанұялық емхананың терезелерін сындырған.

Сотта айыпталушы өз кінәсін мойындап, әрекетіне өкініп, қазіргі уақытта сындырған терезелердің орнына қайтадан жаңа терезелерді қондырғандығын айтты.

Істің мән-жайы зерттеле келе, құқық бұзушы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 434-інші бабының 1-інші бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 3 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген.

Айдос Қарабала

Фото gawlerglass.com сайтынан алынған

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз