«АШЫҚ ЕСІК» КҮНГІ ӘҢГІМЕ

Атырау облысының сот актілерін орындау департаменті құқықтық насихаттау және тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында «Ашық есік» күнін өткізіп, мекеме басшысы және орынбасары, аумақтық бөлімдерінің аға сот орындаушылары азаматтарды қабылдады.
Сонымен қатар, Атырау облысы әділет департаменті азаматтардың құқықтық мәдениет деңгейін арттыру мақсатында «Нұр Отан» ХДП-мен бірлесе отырып, облыстық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Әділет кеңес береді» республикалық акциясын өткізді.
«Ашық есік» күнінде арызданушы Жазира Әліпқалиева борышкер Маркс Есмурзиннен кәмелеттік жасқа толмаған баласы – 2008 жылы туған Әмірханды асырап-бағу үшін осы жылдың соңғы екі айына алимент алмағандығын айтып, оны өндіріп беруді сұраған. Анықталғандай, Махамбет ауданында тұратын баланың әкесі жұмыста жоқ екен. Дегенмен, ай сайын жұмыссыздықтың орташа айлық деңгейі есебінен Жазираның есепшотына 4 665 теңге аударып отырған. Департаменттің араласуымен борышкерден өндірілмей тұрған 9 430 теңге алимент берешегі аударылды.

 

Құралай ОРАЗ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз