Құмар ойындарынан сақ болыңыз…
Atr.kz/8 қараша, 2019 жыл. Атырау облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Атырау қаласының Авангард-4 мөлтек ауданында орналасқан ғимараттың бірінде заңсыз ойын бизнесін жүзеге асырған азамат А-ға қатысты құқықбұзушылықтың дерегі анықталып, жолы кесілді.
Ғимаратты қарау кезінде оқиға орнынан заңсыз ойын бизнесімен айналысуға арналған құралдар: 1 DVD-R диск, 4 монитор, 3 ойын терминалы және ақша қаражаты тәркіленіп алынды.
26.06.2019ж. — анықталған дерек Департаменттің Сотқа дейнгі тергеп-тексерулердің біріңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық Кодексінің 307 бабы 1 бөлімі «Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру» бойынша тіркеліп, тергеп — тексеру амалдары жүргізіліп, айыптау қортындысымен қылмыстық іс сотқа жолданды.
22.10.2019ж. — Атырау қалалық №2 сотының үкімімен азамат «А» ҚР Қылмыстық Кодексінің 307 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған қатысты 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді және жазаны өтеу мерзімі ішінде 100 (бір жүз) сағат мәжбүрлі еңбекке тартылуға жазаланды.
Егер, Сізде заңсыз ойын бизнесі туралы ақпарат болса — немқұрайлылық танытпаңыз! Атырау облысы бойынша экономикалық тергеу Департаментіне 8 (7122) 35-42-10, 31-60-59 телефон арқылы хабарлауыңыз сұралады.
Атырау облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің
Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасы