Атырауда бір уақытта екі автокөлік өртенді

avpoprvpo Жаңалықтар

Бүгін Атырау қаласындағы №3 қалалық емхана маңында екі автокөлік өртенді.

Өрт сөндіру бөлімі оқиға орнына жеткен кезде әр түрлі сақтандыру компанияларына қарасты «Toyota Hiace» және «Nissan Serena» автокөліктері өртенгі анықталды. Өрт салдарынан қасында орналасқан жалпы ауданы 3х3м. болатын дүңгіршіктің бір жақ қабырғасы бүлінді.

«Өрт сағат 11:27 оқшауланып, сағат 11:31-де толықтай жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда», – деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, жыл басынан бері 30 автокөлік өртенген.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз