Жарнама
Жаңалықтар

Құлсарының кішкентай тұрғыны тазалықты сақтауда үлгі көрсетті

Бүгін Құлсары қаласының кішкентай тұрғыны – Азиза Қуандыққа Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Гүлмира Айшуақова арнайы алғыс білдірді. Бұл марапат — жасөспірімнің қоршаған ортаға жанашырлық танытып, қоғамға пайдалы ісімен көзге түсуінің нәтижесі.

img 0703
Screenshot

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Азиза “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында қаланың тазалығына белсенді атсалысып, айналасын күл-қоқыстан тазартуға анасына өз еркімен көмектесіп, кіріскен. Жас табиғат жанашырының бұл ісі көпшілікке, әсіресе ересектерге үлгі боларлық.

— Осындай табиғат пен туған жерге қамқор, жанашыр өскелең ұрпақ — біздің болашағымыздың жарқын кепілі. Қоғамға пайдалы істе жас та болса белсенділік танытып, үлкен жауапкершілік көрсете білген Азизаға алғысымыз шексіз, — деді Г. Айшуақова өз сөзінде.

Айта кетейік, “Таза Қазақстан” акциясы елімізде экологиялық мәдениетті арттыру және қоршаған ортаны таза ұстауға жұртшылықты жұмылдыру мақсатында ұйымдастырылып келеді.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button