Атырауда «Атырау мұнай және газ-2019» Солтүстік Каспий өңірлік көрмесі ашылды (+ФОТО)

20190409214352 Жаңалықтар

Atr.kz/ 10 сәуір, 2019 жыл. Атырауда «Атырау мұнай және газ-2019» 18-ші Солтүстік Каспий өңірлік көрмесі ашылды. Мұнай-газ саласы бойынша айтулы шара 9-нан басталып, 11-ші сәуірге дейін жалғасады.

«Атырау Мұнай және Газ-2019» 18-ші Солтүстік Каспий өңірлік көрмесінің мақсаты Атырау облысының инвестициялық әлеуетін таныстыру болып табылады. Іс-шараға орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялар мен даму институттарының, Қазақстандағы дипломатиялық миссиялардың өкілдері, шетелдік және отандық инвесторлар шақырылды. Атырауда «Атырау мұнай және газ-2019» Солтүстік Каспий өңірлік көрмесі ашылды Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев өзінің құттықтау сөзінде өткен жылмен салыстырғанда қатысушылардың саны айтарлықтай өскендігін сондай-ақ, көрмеге әлемнің 20 елінен мұнай, газ және құрылыс саласында 2000-нан астам сарапшы қатысып жатқандығын атап өтті.

20190409214359

«Бұл көрме 18-ші рет өткізілуде. Қатысушылардың саны артқан сайын, компаниялардың географиясы да кеңейеді. Бүгінде елімізде қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасты. Бұл үшін елімізде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы мен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша барлық қажетті жағдайлар жасалуда. Осыған қарай бүгінгі күні біздің облыста 50-ден астам елдің 1000-нан астам өкілдері жұмыс істейді. Бүгінгі күні барлық қатысушылар жаңа серіктестер мен достар табатынына сенімдімін. Сәттілік тілеймін», – деді Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.

20190409214345
56468189 663991700702166 6019451623745519616 o
20190409214408 1

Атырауда «Атырау мұнай және газ-2019» Солтүстік Каспий өңірлік көрмесі ашылды Көрмеде 50-ден астам шетелдік және қазақстандық компания өздерінің павильондарымен, өнеркәсіптік және мұнай-газ секторындағы барлық жабдықтарымен таныстырды. Атырауда «Атырау мұнай және газ-2019» Солтүстік Каспий өңірлік көрмесі ашылды Атырауда «Атырау мұнай және газ-2019» Солтүстік Каспий өңірлік көрмесі ашылды Айта кетелік, «Атырау Мұнай және Газ-2019» жыл сайынғы көрмесі Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Атырау облысының әкімдігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, KAZENERGY қауымдастығы, «КазСервис» Қазақстан сервистік компаниялары одағы және Қазақстан мұнайшылар қоғамы және геологтардың қолдауымен өтеді.

20190409214341
56685770 663991817368821 4806910114734800896 o
20190409214337

Дереккөз: «ҚазАқпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз