Атырауда лас су төккен 10-нан аса «Камаз» анықталды (+ВИДЕО)

parararpa 870x400 1 Жаңалықтар

Атырауда жыл басынан бері белгіленбеген орынға лас су төккен 10-нан астам көлік анықталды.

ВИДЕО:

https://youtube.com/shorts/DaMekAwPODw?feature=share

12 ақпан күні учаскелік полиция қызметкерлеріне жергілікті тұрғындар Құнанбаев көшесінде  “Камаз” маркалы  автокөлігінің  белгіленбеген орынға лас су төгіп жатқандығы жөнінде шағым түсірген.

Аталған шағым бойынша кәріз құдығына лас су төккен 1989 ж.т., азамат анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабының 2 бөлімімен (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер ) әкімшілік хаттама жасақталып,  91 890 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Айта кетейік, жыл басынан бері дәл осындай құқықбұзушылық жасаған  10-нан астам тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз