
Жаңалықтар
Құлсарыдан 3 млн. текше метр су сорылды
Құлсары қаласының аумағын құрғатуда күн сайын жеке құрамның 222 адамы және 97 техника, 2 жүзу құралы, 23 тасымалданатын мотопомпа, 20 тіркеме мотопомпа және 4 АЕМ-500 жұмылдырылып отыр.
Бүгінде сорылған судың жалпы көлемі 3 миллион текше метрді құрады.
Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабының хабарлауынша, қазір электр және газбен жабдықтау желілерін қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Бұл мақсатта 4 бригада мен 5 арнайы техника тартылды.