Индерлік мұғалім «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген ұстазы» атанды

img 20210318 wa0200 Білім

«Қазақстанда тұңғыш рет беріліп отырған награда осылайша ауыл мұғаліміне бұйырды» деп хабарлайды Atr.kz

Нұр-Сұлтан қаласында өткен салтанатты жиында Индер ауданындағы Б.Нысанбаев орта мектебінің мұғалімі Ақмарал Габдуллинаға Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 12 ақпандағы Жарлығымен «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы» мәртебесі берілді.

Салтанатты іс-шарада аталған награданы ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов арнайы табыстады.

Айта кетейік, жоғары санатты тарих және құқықтану пәнінің мұғалімі А.Габдуллина Көктоғай ауылдық округіндегі Б.Нысанбаев орта мектебінде 1988 жылдан күні бүгінге дейін өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беруде нәтижелі қызмет атқарып келеді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз