Жарнама
Жаңалықтар

Құлсарыда құтқарушылар қарқынды қызмет етуде


Жылыой ауданы Құлсары қаласында тұрғындарды эвакуациялау күшейтілген режимде жүзеге асырылуда. Құтқарушылар ауыл тұрғындарын және олардың төрт түлік малдарын қауіпсіз жерге көшіруге тәулік бойы көмек көрсетуде.


Облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының хабарлауынша, өңірде 9 сәуірдегі ақпарат бойынша 34 998 тұрғын, оның ішінде 7 239 бала эвакуацияланып, қабылдау пунктеріне көшірілді.
Сонымен қатар елді мекендердің тұрғындарының қарамағындағы 19 939 бас мал қауіпсіз жерге шығарылды.


–Бүгінде Жылыой ауданына республиканың түкпір-түкпірінен гуманитарлық көмек келіп түсуде. Гуманитарлық көмек 600-ден астам тоннаны құрайды. Су астында қалған тұрғын үйлердің иелеріне, мекеме және ұйым басшыларына, кәсіпкерлік субъектілеріне төтенше жағдайлар орын алмас үшін су деңгейі толық төмендегенше қауіпті аумақтарға бармаулары талап етілді, — дейді департаменттің ресми өкілі.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button