«BAIZAAR-да» – жергілікті өнім!

«BAIZAAR да» – жергілікті өнім Жаңалықтар

«BAIZAAR» сауда орталығынан «КаспийЛана Атырау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өнімдері сатылатын арнайы павильон ашылды. Ең бастысы, мұндағы отандық өнім бағасы көңілге қонымды.

baizaar-%d0%b4%d0%b0-%d0%b6%d0%b5%d1%80%d0%b3%d1%96%d0%bb%d1%96%d0%ba%d1%82%d1%96-%d3%a9%d0%bd%d1%96%d0%bc

Аталған зауыт директоры Назгүл Есмақанованың айтуынша, Елбасының өзі тұсауын кескен жүн өңдеу зауыты бүгінде еліміздің батыс өңіріндегі тоқыма өнеркәсібімен айналысатын тұңғыш кәсіпорын болып табылады. Болашақта мұнда қой мен түйеден өзге  ешкі жүні де кәдеге жаратылып, жалпы көлемі 600-700 мың қума метрге дейін дайын өнім шығарылады деп күтілуде.

Айта кетейік, кәсіпорын осыдан екі жыл бұрын «Достан ата» шаруа қожалығы мен «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының құрылтайшылығымен құрылған болатын. Жергілікті өнім Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мен Еуропа елдеріне де экспортталады.

Амандық Абдол

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз

  1. Абылай Юсупов

    Әдемі екен