Жаңалықтар
Құлсары қаласында 60 пәтерлерік тұрғын үй пайдалануға берілді
Құлсарыда «Атырау» ықшам ауданындағы жаңа тұрғын үй құрылысы аяқталып, тұрғындарға пәтер кілті табысталды, деп хабарлайды Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Үш қатарлы 60 пәтерлік тұрғын үй «NCOC» мекемесінің демеушілігімен, облыстық Құрылыс басқармасының тапсырысымен «TSG Констракшн» мердігер мекемесі жүргізген.
Салтанатты шараға қатысқа облыстық Құрылыс басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов құттықтау сөз сөйлеп, тұрғындарға баспананың иглікті болуын тіледі.
Жаңа тұрғын үйдің 30 пәтері үш бөлмелі, 30 пәтері екі бөлмелі болса, жалпы ауданы 4025 шаршы метрді құрайды. Жобаның жалпы құны 1 млрд 492 млн теңге.