25 жастағы келіншек кішкентай қызымен бірге жоғалып кетті

c978235c7f17abedfe15fbcf5085f8d1 Құқық

Атырауда 25 жастағы әйел 3 жасар қызымен бірге жоғалып кетті.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Құрманғазы ауданында тұратын Юлиана Александрова 30 қаңтарда жоғалып кеткен. Қасында 3 жасар қызы Айзере Ақжігітова болған.

Олар 30 қаңтарда Атырау қаласындағы «Өркен-1» шағын ауданын шығып, «Вокзал маңы» шағынауданына кеткен. Содан бері тұрғылықты мекенжайына оралмаған» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

«Қазақпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз