Жарнама
ЖаңалықтарБЕЙНЕЖАЗБАЭкономика

«Технодомнан» – көктемгі сыйлық! (+ВИДЕО)

«Технодом» көктемгі мерекелермен құттықтай отырып, 20% кешбек сыйлайды.

Көктем мезгілінің басында, Қазақстанның Батыс өңірінде отбасы мен достардың арасында ұлттық мереке – Көрісуді қарсы алып жатқан кезде, тұрмыстық техника мен электроника ірі ритейлерінің бірі наурыздың 18 мен 24 аралығында Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Жаңаөзен, Құлсары қалаларында Cashback 20% арнайы ұсынысын іске қоспақ. Мысалы, 300 000 теңгеге сауданы ресімдеп, сіз келесі саудаға жұмсай алатын 60 мың бонус аласыз.

14 наурыз ежелден қазақтарда қорытынды жасау уақыты болып саналды. Ежелгі уақытта қазақтар тек көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан кезде, көктемгі күн мен түннің теңесуіне тура бір апта қалғанда өз малдарын есептеп, ұзақ қыстың ақыры аяқталғанына қуанып, бір-біріне қонаққа келіп, шығындар мен төлдерді талқылап, Наурыз мейрамына дайындалған. Қазіргі уақытта, әрине, жақын адамдармен көрісуге құр қол бармайды. Бұл – жақын жандарды сыйлықтармен қуантуға жақсы себеп.

«Технодом» клиенттері қажетті заттарын сатып алғанда, жылдам әрі ыңғайлы сервистен бөлек, қолма-қол ақшасыз сауда жасау кезінде жұмсалған ақшасының бір бөлігін қайтадан картасына 20% қайтаруға мүмкіндік алады. Ал ритейлерден сатып алуға болатын заттар көп: TECHNODOM сауда портфелінде әлемнің 700-ден астам жетекші брендтері шығаратын тұрмыстық техника мен электрониканың 60000-нан астам атауы ұсынылған. «Технодом» дүкендер желісінен маусымдық тауарлар сатып алуға да болады: велосипедтер мен самокаттар, үйге және бақшаға арналған заттар, кондиционерлер.

Сондай-ақ сүйікті Наурыз мерекесіне орай Батыс өңірдің кейбір қалаларында мастер-кластар өтеді. Техника мен «темірге» әуес жандар дербес компьютерді қосалқы бөлшектерден өздері жинай алады.

Ас пісіруді ұнататындар өздерінің аспаздық қабілеттерін ең заманауи асүй техникасында сынап көруге мүмкіндік алады.

TECHNODOM дәстүрлі түрде киіз үйлер тігіп, қонақтарға қазақтың ұлттық тағамдарын ұсынады.

«Технодом» әрқашан ұлттық дәстүрлерді сақтауға тырысады және Көрісу мерекесіне орай Cashback 20% акциясы – Батыс Қазақстанды көктемнің келуімен құттықтауға деген ықылас.

Меруерт БОЛАТОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button