futbol1

Атыраулық аяқдопшылар олжамен оралды

Жаңалықтар Қоғам

         Жамбыл облысына қарасты Қаратау қаласында футболдан жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтіп, осы доп додасында Атырау облысының намысын қорғаған Махамбет ауданы балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің аяқдопшылары жеңімпаз атанды.

футбол

Балалардың қысқы демалысы кезінде өткізілген турнирде Алматы, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарынан келген тоғыз команда өзара бақ сынап, атыраулық спортшылар жарыс барысында өткізген бес кездесуінің бесеуінде де қарсыластарына дес бермеді. Олар, жартылай финалда қызылордалық «Арал» командасынан басым түссе, финалда тараздық «Тараз» командасын ұтты.

футбол1

Махамбет ауданының балғын футболшылары осыған дейін Маңғыстау, Шығыс Қазақстан өңірлерінде өткен осы тәріздес жарыстарда  екі рет ақтық ойыннан есе жіберіп, ауылдарына күміс медаль тағынып қайтқан еді. Жеңіске деген еркі мықты балалар, бұл жолы мерейлері тасып, елге кубокпен оралды.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған