ҚР Президенті Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды тез арада қарастыруды тапсырды

1d753cc3 c7b9 4b77 89fa ee41b7e190b9 Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында Жаңаөзендегі жағдайға қатысты жазба жариялады.

 «Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалықж тұрғыдан ескеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсырдым. Шеруге шыққандар қоғамдық тәртіпті бұзбауы тиіс. Азаматтардың жергілікті және орталық билік органдарына талабын ашық айтуға құқығы бар, бірақ, бұл заңға, нақтырақ айтқанда, бейбіт шерулер туралы заңға сәйкес жүзеге асырылуы керек» делінген хабарламада. 

Айта кетейік, Жаңаөзен қаласының халқы газ бағасының көтерілуіне орай наразылық білдіруде.

inform.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз