Сағыз станциясында пойыздың жолсерігін пышақтап кеткен

1 22 Жаңалықтар

Атырау облысының Сағыз станциясында пойыздың жолсерігін жарақаттаған жігітке қатысты сот үкімі шықты. Қылмыстық іс Қызылқоға аудандық сотында қаралған.

1

Сот отырысында анықталғандай, Атырау облысының Сағыз станциясында тоқтап тұрған «Тальго» жолаушылар пойызының  жолсерігіне сотталушы Ж.Т. мас күйінде барып, өзін Қандыағашқа дейін алып кетуді сұраған. Жолсерік жол жүру құжатынсыз пойызға мінгізе алмайтынын айтқан кезде, ол  бұзақылық ниетпен вагонға кірмекші болады. Жолсерікке көмекке келген екінші әріптесі құжатсыз жолаушыны шығармақ болғанда, сотталушы  сөмкесінің ішінен пышақ алып, оның сол жақ бүйіріне бір рет сұғып алған.

Сотталушының қылмыстық әрекетінің нәтижесінде жәбірленушінің  денсаулығына «ауыр» дәрежелі  зиян келген.

Сотталушы Ж.Т. басты сот тақылауында өзіне тағылған айыпты толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін, жәбірленушіден кешірім алғанын  айтып, қателігін түсінгенін білдіріп, соттан бас бостандығынан айырмай, түзелуге мүмкіндік беруді сұрады.

Сот үкімімен сотталушы Ж.Т. Қылмыстық Кодекстің «бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы  тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Айдос Қарабала

Фото guns.ru сайтынан алынған

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз