Димаш Құдайберген «Любовь уставших лебедей» әніне бейнеклип түсірді (+ВИДЕО)

maxresdefault 2 Жаңалықтар

Аtr.kz/19 сәуір, 2019 жыл.  Ерекше талантымен әлемді таңдай қақтырған Димаш Құдайберген «Любовь уставших лебедей» әніне түсірген бейнебаянын тыңдармандарға ұсынды.

Премьерасы 17 сағат бұрын болған бейнеклипті You tube желісінде аз уақыт ішінде 238 мың 642 адам қарап, 20 мың интернет қолданушысы лайк басқан.

Әннің авторы ресейлік ақын Михаил Гуцериев, ал музыкасын композитор Игорь Крутой жазған. Бейнебаянды түсірген режиссер – Алан Бадоев.

Режиссердің айтуынша, клиптің негізгі идеясы жұптасып қана ұша алатын жалғыз қанатты періштелер туралы аңыздан бастау алады.

sputniknews.kz-ның хабарлауынша, клип  Испания және Украина елдерінде түсірілді. Шығармашылық жұмысқа 70-тен астам  адам  қатысқан.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз