Жарнама
Жаңалықтар

Қосымша білім берудің жаңа орталығы ашылды

Өңірде алғаш рет «Балаларға қосымша білім беру» оқу-әдістемелік және ғылыми-тәжірибелік орталығы ашылды. Бұл туралы облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Орынтай Биманова баспасөз брифингінде мәлім етті, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Облыста 47 қосымша білім беру мекемесі, 202 мектеп жанындағы үйірме, 9 балалар мен жасөспірімдер клубы бар. Білім беру мекемелері үшін баланың бос уақытын тиімді пайдалануын қамтамасыз ету аса маңызды.

–Тәрбие тек сабақ берумен ғана шектелмейді, ол сабақтан тыс уақытта да жалғаса береді және тереңдетіле түседі. Оқушының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, оған дұрыс бағыт беру – барша қоғамның ортақ ісі. Жас жеткіншектің жан-жақты болып өсуі тек қана оның мектепте өткізген уақытымен шектелмейді. Сондықтан оқушыларды тәрбиелеуде мектептен тыс жұмыстарға көңіл бөлу керек. Дұрыс тәрбие – балаға өмір бойы азық, — деді Орынтай Молдашқызы.

Бүгінде өңірде 27 бағытта балалар мен жасөспірімдерге арналған 292 шығармашылық үйірме бар. Оларға 16 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер қатысады. Оның ішінде қаржыландыру бағдарламасымен 12 279 бала спорттың 15 түрі бойынша тегін спорттық секциялармен, 3 800 оқушы 304 шығармашылық үйірмемен қамтылған.

–Биылдан бастап тәрбие қызметін үйлестірудің бірыңғай жүйесі қалыптасты. Барлық білім беру мекемелерінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы енгізіліп, «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары», «Даналық мектептері», «Ата», «Әже», «Аға», «Жеңге» мектептері ашылып, оларға 11 017 ата-ана тартылды, — деді О.Биманова.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button