2021 02 19 140238481500

9000 теңгеден бастап: Наурызда «Атырау – Түркістан» бағытына ұшақ қатынайды

Жаңалықтар Қоғам
16 / 100

«28 наурыздан бастап, Атыраудан Түркістан бағытына қолжетімді бағада ұшақ рейсі ашылады» деп хабарлайды Atr.kz ATPress.kz сайтына сілтеме жасап.

«FlyArystan» бюджеттік әуекомпаниясы осылайша, «Атырау – Түркістан» бағытындағы бұрын болмаған рейсті жұма, жексенбі күндеріне қолжетімді етіп отыр.

«Airbus А320» ұшағымен орындалатын тікелей рейстерде бір бағытқа билеттердің ең төменгі құны 9 мың теңгеден басталады.

«Мұндайда жолаушы өзімен бірге 5 келіге дейін қолжүгін ала алады. Билеттерді «FlyArystan» App мобильді қосымшасында және flyarystan.com сайтынан алуға болады», делінген әуе компаниясы таратқан ақпаратта.

Еске сала кетелік, «FlyArystan»  Қазақстандағы ең алғашқы лоукостер. Бүгінгі таңда лоукостер флотында 7 Airbus A320 ұшақтары бар.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған