Сайлауға атыраулық дәрігерлер де үн қосты

WhatsApp Image 2019 06 09 at 11.44.47 Жаңалықтар

Atr.kz/9 маусым, 2019 жыл. Бұл саяси науқанға Атырау теміржол ауруханасы да бір кісідей атсалысты.

Мұнда ем қабылдап жатқан науқастар үшін N74 сайлау учаскесі қызмет етті. Сағат 7.00-де басталған науқанда бір сағаттың ішінде барлығы 51 науқас өз таңдауын жасап үлгерді.  

– Ең алғаш келіп дауыс берген жас сайлаушының жасы 32-де. Ал,ең үлкені – 42 жастағы азамат. Біздің учаскедегі сайлаушылар үшін бес адам қызмет еттік. Екі жабық кабина жұмыс жасады. Ешқандай олқылық болған жоқ. Әрбір емделушіні жеделсатымен төмен түсіріп, оларға өз таңдауларын жасауға барлық жағдай көрсетілді. Сөйтіп, олар таңертеңгі жүргізілетін ем-шараларына дейін өз дауыстарын берді, – дейді аталған сайлау учаскесінің төрайымы Мүслимат Рахманқұлова.

Ауруханада мұндай қызметтің көрсетілгеніне ем алушылар да риза.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз