Жарнама
Жаңалықтар

Қазақстанда сұйытылған газдың шекара асуына шектеу тағы біраз уақытқа ұзартылды

Энергетика министрі 2024 жылғы 8 қарашадағы «сұйытылған мұнай газын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрыққа қол қойды, — деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта:

Қазақстан Республикасының аумағынан алты ай мерзімге автомобиль және теміржол көлігімен сұйытылған мұнай газын, пропан мен бутанды әкетуге тыйым салу енгізілсін.

Келесі жағдайларда тыйым қолданылмайды:

-өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) не Салық Кодексінің 722-бабының 1-тармағына сәйкес салық режимінің тұрақтылығына ие ҚР Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде өндірісті жүзеге асырған жер қойнауын пайдаланушылардың әкетуі;

-Қарашығанақ кен орнында өндірілген қазақстандық шикізаттан өндірілген (қайта өңделген) тауарларды ҚР халықаралық шарттары негізінде әкету;

-ҚР шегінен тыс басталатын және аяқталатын орны ауыстырылатын транзиттік тасымалдар;

-ҚР Үкіметінің шешімі бойынша гуманитарлық көмек шеңберінде әкетіледі.

Бұйрық 2024 жылғы 14 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button