Құрманғазы ауданында жаңадан іске қосылған құс фермасы 79 тонна ет өндірген

0 29 Жаңалықтар

«Бұл туралы өткен жылы атқарылған жұмыстардың  есебін берген Құрманғазы ауданының әкімі Қайрат Нұртаев айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

«Бұйырғын»  өндірістік кооперативіне қарасты  Құс фермасы заманауи технологиялар арқылы қайта жабдықталды. Ферманың   жылдық қуаттылығы – 312 тонна. Өткен жылы қайта іске қосылған ферма 79 тонна құс етін өңдірді» деп атап өтті Құрманғазы ауданының әкімі Қайрат Нұртаев.

Еске сала кетелік, онлайн форматта өтіп жатқан брифингке Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов қатысуда. Брифинг «Атырау», «Каспиан ньюс» каналдары арқылы тікелей эфирде көрсетіліп, әлеуметтік желілерде тікелей эфирде таратылып жатыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз