Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Қазақстанда Мемлекеттік БАҚ порталы іске қосылды

Atr.kz/11 тамыз, 2020 жыл. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мемлекеттік бағдарламалардың бірыңғай порталы және мемлекеттік БАҚ порталы деп аталатын екі жаңа порталды іске қосты. Мұндай ақпарат ведмствоның ресми Telegram каналында жарияланды.

Мемлекеттік бағдарламалардың бірыңғай порталында мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы мен кезеңдері туралы, оларға жауапты және бақылайтын органдар туралы барлық ақпараттар, мультимедиялық мазмұндағы нұсқаулықтар, инфографикалар және т.б. орналастырылады.

Порталдың мазмұны үнемі жаңартылып отырады, жақын арада оның Youtube-тегі арнайы арнамен бірігуі жүзеге асады.

Мемлекеттік БАҚ порталы күн сайын Қазақстанның барлық өңірлерінен ресми ақпараттарды, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың жаңалықтарын жариялайды. Осы БАҚ арқылы оқырмандар мен журналистер бастапқы дереккөздерден ақпарат алып, пайдалана алады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button