Атыраулық ұстаз халықаралық байқаудан жүлделі бірінші орынға ие болды 

c5713c93 95a4 4d3d 9c21 9e696f4b5a4d Жаңалықтар

«Зияткер» мамандандырылған мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі Есболат Бағдаров математика, физика және информатика пәндерінің мұғалімдерінің IX халықаралық шығармашылық байқауына қатысып, жүлделі бірінші орынға ие болды. ⁣⁣ 

Байқауға қатысушылар практикалық және әдістемелік блокта бақ сынасқан. Нақтырақ айтар болсақ, практикалық бөлімде олимпиадалық деңгейде ұсынылған есептерді шешіп, әдістемелік блокта есептердің «дайын шешімдеріндегі» қателерді тапқан.

Байқау шарттарынан мүдірмей өтіп, жеңімпаз атанған Есболат Бағдаров Ал-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. Ұстаздық еткен 6 жыл ішінде шәкірттері де, өзі де облыстық, республикалық білім додаларында жеңімпаз атанып үлгерген.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз