Атырау мен Хорезм облыстары өзара байланысты кеңейтпек

screenshot 20220811 204241 Жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Өзбекстан Республикасы Хорезм облысы әкімінің орынбасары Шерзод Исмаиловты қабылдады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында екіжақты келісімдер бірнеше жылдан бері қос тарапқа да табысты болғаны және бұған екі ел басшыларының қосқан үлесі зор екені айтылды. Тараптар алдағы уақытта осы байланысты дамытуға мүдделі екендерін білдірді.
С. Шәпкенов пен Ш. Исмаилов ауыл шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп салаларында ынтымақтастықты кеңейту жайын талқылады.

  • — Бүгінде қос мемлекет – қарым-қатынасты жан-жақты дамытқан, сауда-экономикалық байланысты мықтай түскен бауырлас елдер. Қазіргі уақытта Атырау облысында ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік мол. Осы бағытта бірлесе жұмыс істесек, тауар айналымын арттыруға мүмкіндік туады,-деді Серік Шәпкенов.

Қос тарап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу және жеткізу жайын да талқылады.
Атырау облысында өзбек капиталының қатысуымен көтерме және бөлшек сауда, қызмет көрсету, сондай-ақ құрылыс саласында 91 кәсіпорын тіркелгенін айта кету керек.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз