Жарнама
ЖаңалықтарМедицинаҚоғам

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 53 адамға жетті

Atr.kz/21 наурыз, 2020 жыл.  Бұл туралы пандемия туралы ресми ақпараттар жинақталған coronavirus2020.kz сайты хабарлады.

Науқастар Алматы қаласында, Нұр-Сұлтан қаласында, Қарағандыға енді, Алматы облысында анықталып отыр.

Бұған дейін еліміздің Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов науқастардың қазіргі жағдайы қалыпты екенін айтқан болатын.

Ерекше атап өтерлігі, қазақстандық ғалымдар әлем елдеріне тарап кеткен коронавирус пандемиясына қарсы вакцина жасаумен айналысып жатыр.

snimok 9

Вакцина әзірлеуге Ұлттық биотехнология орталығы мен биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының мамандары жұмылдырылды. Ғалымдар бес кандидаттық вакцина ойлап таппақ. Олардың ішінен клиникалық сынақтарды өткізу үшін ең тиімдісі таңдалатын болады.

Бүгінгі таңда елорда мен Алматы қалалары карантин жағдайында өмір сүріп жатыр. Мамандар қазақстандықтарды үйде оқшаулануға шақыруда.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

http://atr.kz/bez-rubriki/t%d3%a9tenshe-zha%d2%93daj-kezinde-%d2%afjdi-satu-satyp-alu-kelisimderi-%d2%9balaj-r%d3%99simdeledi/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button