«Ата – Қазақ» атанды

original Жаңалықтар

Atr.kz/22 наурыз, 2019 жыл. «Кешегі Ататүрік секілді Нұрсұлтан Əбішұлы да дəл осындай өсиетке сай бұл күнде «Ата – Қазақ» атанды» дейді  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш»сыйлығының, Мақтымқұлы, Ұлттық «Аманат»сыйлығының лауреаты Қойшығұл Жылқышиев.

Атақты Төлебидің:

Бір үйдің баласы болма,

Көп үйдің санасы бол,

Бір елдің атасы болма

Бар елдің данасы бол,

Бір тонның жағасы болма,

Бар елдің ағасы бол, –  деген өсиет сөзі бар еді. Кешегі Ататүрік секілді Нұрсұлтан Əбішұлы да дəл осындай өсиетке сай бұл күнде Атақазақ атанды. Жəй ғана бір нəрсені бастап оны соңына дейін жеткізу үшін де біраз жігер,шыдам қайсарлық керек.Ал отыз жыл бойы ел басқару,тығырықтан шыға білу жəне соның нәтижесін көргенше ұлы қайраткерлікпен қызмет көрсету тегін адамның қолынан келмейді. Нұрсұлтан Әбішұлы бүгінгі ел астанасын осылайша салды. Керемет қала салды. Қазақ халқының келбетін көрсетті. Қазақтың талғамын танытты.

Міне, сондықтан да, еліміздің астанасын «Нұр-сұлтан»деп алайық деген Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың шешімі өте батыл шешім жəне оны қолдау біздің халықтың жүзін жарқырата түседі. Басшы-қосшымыз болып, бір тілекпен алға баса берейік» деп түйіндеді сұхбатын спикер.

Қойшығұл Жылқышиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш»сыйлығының, Мақтымқұлы,Ұлттық «Аманат»сыйлығының лауреаты

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз