Қазақстанда көлік тіркеу тоқтатылғаны рас па?
Atr.kz/5 қаңтар, 2020 жыл. Техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты автокөлік тіркеу және жүргізуші куәлігін беру функциялары уақытша тоқтатылды.
Техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 4 қаңтарда елімізде мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемеді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Facebook-тегі ресми парағында хабарланған.
«Қазақстан ішкі істер министрлігінің бастамасымен көлікті тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру бойынша қызметтерді көрсетуге, сондай-ақ мемлекеттік нөмірлерді дайындауға жауап беретін ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу бойынша функциялар «Ақпараттық-өндірістік орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорны қарамағына берілді», — делінген мәліметте.
Техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 4 қаңтарда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемеді.
«»Азаматтарға арналған үкіметтің» мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында құжаттар дайындайтын жабдықтар мен жаңа ақпараттық жүйені іске қосу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр», — делінген хабарламада.