«СЕНГЕН ҚОЙЫМ СЕН БОЛСАҢ…»

Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті ішкі қауіпсіздік басқармасының мәліметтеріне қарағанда, өткен жылы мұнда сыбайлас жемқорлық сипатындағы әрекеттерге жол берілген.

Осылайша,  есепті мерзімде сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне департаментте қызмет атқаратын лауазымды тұлғаларға қатысты 14 сыбайлас жемқорлықпен байланысты іс тіркелген. Жыл ішінде 16 қызметтік тергеу жүргізіліп, нәтижесінде 15 адам  (соның ішінде, екеуі – еңбек заңнамасы, біреуі мемлекеттік қызметшінің Ар-намыс кодексі талаптарын бұзғаны үшін) тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Ал, бір қызметкер сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықтардың бұзылуына жол бергені үшін мемлекеттік кірістер органдарында қызмет істеуден босатылған.

Д.ЛАТИФҰЛЫ.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз