Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Қазақстанда ипотекалық төлемдер үш ай тоқтатыла тұрады

Atr.kz/23 наурыз, 2020 жыл. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ тұрғын үй блогының еншілес ұйымдары ипотека төлемдерін 3 айға шегере тұрмақ.

«23 наурызда Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында айтылған Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, уақытша қаржылық қиындықтарға тап болған жеке және заңды тұлғалар үшін Холдингтің тұрғын үй блогының еншілес ұйымдары ((Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, Қазақстан ипотекалық компаниясы, Бәйтерек девелопмент) барлық төлемдер бойынша, негізгі қарыз бен сыйақы сомасын қоса алғанда, тұрғын үй және тұрғын емес жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алу құқығымен жалдау/сатып алу-сату (оның ішінде бөліп төлеу) барлық мәмілелері бойынша, айыппұлдар мен өсімақы есептемей, алдағы 3 айға (сәуір-маусым) төлемдерді кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады» делінген «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Төлемдерді кейінге қалдыру үшін мемлекеттік операторларға қашықтықтан байланыс арналары (жеке кабинет, telegram-боттар, ресми сайттар) арқылы өтініш беруі керек. Өтініш жеке тәртіппен қаралатын болады. Барлық сұрақтар бойынша call-орталықтардың нөмірлері бойынша хабарласуға болады: Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі: 300 Қазақстандық Ипотекалық компания: +7 800 080 44 48 Бәйтерек девелопмент: +7 7172 79 65 60, +7 800 080 01 01

ATR-АҚПАРАТ

http://atr.kz/bez-rubriki/koronavirustyқ-infektsiya-bojynsha-қazaқstandaғy-қazirgi-zhaғdaj-қandaj-video/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button