Жөні бөлек жаңа автобустар (ВИДЕО)

WhatsApp Image 2018 10 06 at 17.45.45 БЕЙНЕЖАЗБА

WhatsApp-Image-2018-10-06-at-17.45.45

Атырау қаласына таяуда әкелінген қоғамдық көліктер көпшіліктің көңілінен шығып жатқаны рас. Жап-жаңа автобустар қазіргі уақытта темір жол вокзалы мен Авангард ықшамауданы аралығында қатынап жүр. Таза әрі кең. Сонымен қатар, оларға орнатылған электронды билет жүйесі Атыраудың да смарт қалалар қатарына кіруге деген құлшынысын білдіреді.

Электронды билет жүйесі жолаушылардан түскен қаржының нақты көлемі мен оның қайда жұмсалатынын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл жүйе осыған дейін Алматы, Астана секілді еліміздің ірі қалаларында қолға алынып, алғашқыда қала тұрғындарының түсініспеушілігін тудырған еді. Бірақ уақыт өте келе жолақыны карта арқылы төлеудің тиімділігі қоғамдық көлік саласындағы көптеген мәселенің күрмеуін шешіп, жолаушылар тасымалындағы әртүрлі баға бір ізге түсті. Сол секілді Атырауға жаңа жеткен карта арқылы төлем жүйесінің де алдағы уақытта халыққа оң әсер беретініне сенім мол.

Жаңа автобустар мен электронды билет жүйесі туралы қала тұрғындарының не дейтінін төмендегі видеодан көре аласыздар…

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз