Қазақстанда автогаз бағасы өсті
Бүгін ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің бұйрығымен еліміздің барлық өңірінде автогаздың жаңа шекті бағасы бекітілді. Қосылған құн салығын қоса есептегендегі жаңа тарифтер бойынша, жанармай құю станцияларындағы газ бағасы бірден қымбаттады.
Өңірлер бойынша жаңа бағаның мөлшері Астанада – 102 теңге (бұрын 82 теңге), Алматыда – 102 теңге (бұрын 89 теңге), Шымкентте – 90 теңге (бұрын 70 теңге)
Ал Атырауда 77 теңге (бұрын 59 теңге) болып бекітілді.
Бұған дейін де автогаз бағасы әр өңірде әртүрлі болғанымен, бұл өзгеріс бағаның жалпы өсуін көрсетіп отыр. Жанармай құю бекеттері бүгіннен бастап ресми түрде күшіне енген жаңа бағамен жұмыс жасап жатыр.
Министрлік өкілдерінің айтуынша, бағаның өсуі өндіріс пен тасымалдау шығындарының артуымен байланысты.
Қуандық ШӘКІРОВ