ҚАРТТАРЫМ, АМАН-САУ ЖҮРШІ!

Ардагерлер қандай құрметке де лайық. Соғыс және  еңбек ардагерлеріне ел алдында құрмет көрсету – аға буынның ерен еңбегін бүгінгі ұрпақтың елеусіз қалдырмайтындығының бір жарқын көрінісі.

 

 «Достық» үйінде өткен шараға қоғам қайраткерлері мен соғыс және білім саласының ардагерлері қатысып, алдымен ұрыс даласында қаза тапқан жауынгерлер мен бұл күнге жете алмаған соғыс ардагерлерін бір минут үнсіздікпен еске алды. Мерейгерлерді келіп жеткен 90 жасымен құттықтаған қала басшысы Нұрлыбек Ожаев еңбек ардагері Николай Ардакуловқа Құрмет грамотасы мен ықылас гүлін табыстай отырып, жиналғандарды Жеңістің 70 жылдығымен құттықтады.

«Өткен жылдың тамыз айынан бастап әр айдың соңғы сәрсенбісі ардагерлерге арналып отыр. Облыс басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетовтің тапсырмасымен бүгінгі күнде боздақтарға арналған арнайы кітап әзірлену үстінде» деген қала әкімі ардагерлерге ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тіледі.

Шара барысында  ардагерлер облысымыздағы этно-мәдени бірлестіктер арнайы ұйымдастырған концерттік бағдарламаны тамашалады.

Денсаулық жағдайына байланысты шараға қатыса алмаған майдангер Дүйсенбай Көшекбаевты қала әкімі Нұрлыбек Ожаев үйіне барып, арнайы құттықтады.

Мәлике МӘЛІКҚЫЗЫ.

Атырау қаласы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз