«Ембімұнайгаз» АҚ компаниясы

«Ембімұнайгаз» АҚ компаниясы Жаңалықтар

демеушілік пен қайырымдылық бағдарламасы бойынша балаларды құттықтады

Жаңа жыл қарсаңында «Ембімұнайгаз» АҚ  компаниясының қызметкерлері өздерінің  қамқорлыққа алған Жұмағалиевтер отбасына, сонымен қатар, «Атырау. Шағын мемлекет» атты ми мен жұлынның терең зақымдануы бар балаларды және отбасыларды қолдау орталығына барды. Қайырымдылық  жасау –  «Ембімұнайгаз» АҚ-да бұрыннан қалыптасқан дәстүр. Мерекеге орай барлық балаларға тәтті сыйлықтар табысталды.

%d0%b5%d0%bc%d0%b1%d1%96%d0%bc%d2%b1%d0%bd%d0%b0%d0%b9%d0%b3%d0%b0%d0%b7-%d0%b0%d2%9b-%d0%ba%d0%be%d0%bc%d0%bf%d0%b0%d0%bd%d0%b8%d1%8f%d1%81%d1%8b

Жаңажылдық сыйлық алғандардың арасында Жұмағалиевтер отбасының ең кішкентай өкілі үш жасар Жанельге үлкен ойыншық табысталды. Бүлдіршін дүниеге келген соң үш айдан кейін оған «Бауыр циррозы» деген ауыр диагноз қойылды. Тірі донордан шұғыл трансплантация жасау керек болды. Донорлыққа қажетті орган тез табылды. Себебі, баланың әкесі Наурызбек өз бауырының бір бөлігін беруге бірден келісті. Әлеуметтік желілерде ота жасауға қажетті қаражат жиналатыны жарияланды. Барлық ел болып ақша жинады. Ота жасауға қажет қаражаттың жартысы 4,2 млн. теңгені «Ембімұнайгаз» АҚ  қосып, бір жасар сәбиге жасалған қиын ота сәтті аяқталды.

Баланың оңалту кезеңі 2015 жылдың көктемінде Жұмағалиевтердің үйін  нөсер жаңбырдың суы басқан кезеңмен тұспа-тұс келді.  «Ембімұнайгаз» АҚ адамдарды қиын сәтте қалдырмай, қолдау көрсетті. Зардап шеккен отбасыларға көмек көрсету қорына компанияның әрбір мүшесі бір күндік жалақысын аударды. Қызметкерлердің қайырымдылыққа қатысуы нәтижесінде Жұмағалиевтердің және басқалардың да үйлері жөндеуден өтіп, қалпына келтірілді. Сөйтіп, кенеттен қиын жағдайда қалған отбасылар өз үйлеріне қайта көшті.

«Ембімұнайгаз» АҚ – «Шағын мемлекет» қоғамдық қорының дамуына алғаш түрткі болғандардың бірі. Компания қордың қалыптасуына 8 млн. теңгеден астам қаражат бөлді. Бұл қаражатқа арнайы мамандар церебралды сал ауруы бар балаларды емдеудің жаңа методикасын үйреніп, қажетті құралдар-жабдықтар, қозғалысы шектелген балаларға арналған мүгедектер арбасын алды. «Шағын мемлекет» БҚ негізін қалаушысы және төрағасы Ерлан Күмісқалиев 2015 жылы «Алтын жүрек» қоғамдық марапатымен және Мемлекет басшысының жарлығы бойынша «Шапағат» медалімен марапатталды. Қазіргі уақытта қоғамдық бірлестікте 240 бала тіркелген.

«Шағын мемлекет» БҚ қолдау – «Ембімұнайгаз» АҚ-ның әлеуметтік жобаларының бірі. Жаңа жобалар мен технологиялар жөніндегі Бас директордың орынбасары Әнуарбек Жақсыбековтың айтуы бойынша компания соңғы жылдары қоғамның әлеуметтік әлсіз топтарына белсенді көмек көрсетуде.

– «Біріншіден, біз қозғалысы шектеулі және шұғыл операцияны қажет ететін балаларға көмектестік. 2017 жылдың басынан бастап барлық демеушілік және қайырымдылық шаралар орталықтандырылған күйде «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры атынан жүргізіледі», – дейді Ә.Жақсыбеков, – Мұнайшылар өскелең ұрпақты әрдайым қолдап келді және алдағы уақытта да қолдайды».

Өз тілшіміз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз