Жарнама
Жаңалықтар

Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларды қарау

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің және оның аумақтық басқармаларының қызметіндегі басым бағыттардың бірі ретінде есепке алу-тіркеу тәртібі саласындағы заңдылықты қадағалау, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларды есепке алуы, тіркеуі және шешуі болып табылады.

Тіркелмеген, сондай-ақ негізсіз шешім қабылдау арқылы есептен жасырылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтауға ерекше назар аударылады.

Егер сіз қылмыс құрбанына айналып, бұл жөнінде құқық қорғау органдарына хабарлап, олар қылмыстық істі тіркеу шараларын қабылдамай немесе Сіздің өтінішіңіз қараусыз қалдырылса, Сіз құқықтық көмек алу үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының  Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Аймақтық көліктік басқармасына Астана қаласы, Ж.Омаров көшесі, 60 мекен жайына және 8(7172) 32-05-40 хабарласуыңызға болады.

Өтініштердің тиісінше қаралмауының мәселелері бойынша жедел әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында Комитет «SMS-хабарлама» функционалын әзірледі және оны Басқарма белсенді қолдануда.

Өтініш берушіге автоматты режимдегі байланыс арқылы қабылданған шешім туралы хабар беріледі, қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда SMS-те көрсетілген телефон нөмірі бойынша жүгінуге болатындығы түсіндіріледі.

Қылмыстарды есептен жасыру өңірдегі криминогендік ахуалды жалған түрде жайлы етіп көрсетуге алып келеді. Қылмыстарды жасыру келеңсіздігіне көнбеңіз, өйткені Сіздің конституциялық құқықтарыңыз бұзылады. 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және арнайы есепке

алу жөніндегі комитетінің Аймақтық көліктік басқармасы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button