Жарнама
ЖаңалықтарМедицина

Қазақстан қауіпті елдер қатарын атады

Atr.kz/8 наурыз, 2020 жыл. Коронавирус бойынша қолайсыз елдер тізіміне жиырма мемлекет кіреді, деп мәлімдеді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.


Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері COVID-19 вирусының таралуы бойынша қауіпті елдер тізіміне өзгеріс енгізді.


Енді 1 «а» санатына Қытай, Иран және Оңтүстік Корея, ал 1 «б» санатына Италия кіреді.

Екінші санатта – Испания мен Германия.
Ең көп ел үшінші санатқа еніп отыр.

Олар: Жапония, Таиланд, БАӘ, Франция, Швеция, Малайзия, АҚШ, Сингапур, Кувейт, Бахрейн, Ирак, Ұлыбритания, Швейцария.
Бұған дейін 1 «б» санатында Гонконг, Макао, Тайвань және Жапония болған еді.


Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті осы елдерден келген азаматтар бекітілген профилактикалық шараларға (ауруханада 14 күндік карантин, үйде медициналық бақылауда болу және тағы басқа) бағынуы тиіс екенін еске салды.
«Бұл шаралар Қазақстан азаматтарын коронавирустың таралуынан қорғауға бағытталған», — делінген комитетттің ресми хабарламасында.
Соңғы мәлімет бойынша, бүкіл әлемде коронавирустан көз жұмғандар саны 3 455 адамға жетті, 100,7 мыңнан астамы жұқтырған.

Дереккөз: sputniknews.kz

http://atr.kz/bez-rubriki/s%d3%99rsenbiden-bejsenbige-%d2%9bara%d2%93an-t%d2%afni-atyrauda-su-bolmajdy/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button