Akimat city

Қалалық әкімдікте – жаңа орынбасар

Жаңалықтар

Кеше Атырау қаласының әкімі Серік Шәпкенов  өзінің жаңа орынбасарларын тағайындады.

Akimat-city

Атырау қаласы әкімінің орынбасары болып  Хасанов Полымбет Максимұлы  тағайындалды.

Ол 1980 жылы Атырау облысының Индер ауданында туған. Қазіргі заманғы гуманитарлық институтын бітірген. Мамандығы – заңгер. Еңбек жолын 2002 жылы Атырау облысының Ішкі істер департаментінде бастаған. 2005 жылдан бері мемлекеттік қызметте. Тағайындалғанға дейін Атырау қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған.

Полымбет Хасанов Атырау қаласы әкімінің орынбасары лауазымында қаланың әлеуметтік саласына жетекшілік ететін болады.

Осыған дейін әлеуметтік салаға жетекшілік жасаған Атырау қаласы әкімінің орынбасары Қалауи Мейірім Жоламанұлы енді  экономика, қаржы, кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы, ветеринария және құрылыс, сәулет, коммуналдық шаруашылық салаларына жетекшілік ететін болады.

М.Ж.Қалауи Атырау қаласы әкімі орынбасары лауазымына дейін облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары, облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы болды.

Абай АҚМҰРЗИЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған