Атыраудың Қызылқоға ауданында қыздар да күш сынасты (ФОТО)

IMG 20170909 WA0013 1 Жаңалықтар

Жыл сайын қыркүйек айында өтетін дәстүрлі «Денсаулық» фестивалі биыл да жалғасын тауып, Қызылқоға ауданының Миялы, Сағыз, Мұқыр ауылдарында кең көлемде аталып өтті.

IMG-20170909-WA0013

Фестиваль аудан орталығында 3 шақырымдық марафонмен басталды. Орталықтағы А.Құнанбаев көшесі бойымен аудан әкімдігінің алдына дейін созылған марафонға 18 бен 65 жас аралығындағы ауыл тұрғындары қатысты.

IMG-20170909-WA0017

Марафон мәреге жетісімен аудан әкімдігі ғимараты алдында «Денсаулық фестивалі-2017» салтанатты түрде ашылып, онда салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігері Балбибі Есжанова мен аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Тұрар Әжіғалиев құттықтау сөз сөйлеп, барша аудан халқын спортпен айналысуға шақырды.

IMG-20170909-WA0008

Сондай-ақ, фестиваль аясында аудандық орталық аурухананың дәрігерлері тұрғындардың қан қысымы өлшеп, тегін медициналық көмек көрсетті. Шара барысында «Арман» мәдениет үйінің әншілері ән салып, акцияға қатысушылар барлығы бірдей дене жаттығуын жасап, аспанға шарлар ұшырып, мерекенің шырайын кіргізе түсті.

IMG-20170909-WA0018

Сонымен қатар, күш сынасу мен кір тасын көтеруден сайыстар өткізіліп, мықтылар өзара сынға түсті. Сөйтіп, таңертең басталып, түске дейін созылған фестиваль өз мәресіне жетіп, онда белсенділік танытып, жүлделі орындардан көрінген Рамазан Асауов, Бекзат Өтешов, Болат Мәтжанов, Нұрлыбек Сисенов, Дулат Ортанов әйелдерден Шынар Ыхсанова, Айнұр Башарова, Жайнагүл Еркінова және тағы басқалары дипломдар мен естелік сыйлықтармен марапатталды.

IMG-20170909-WA0016

IMG-20170909-WA0019

IMG-20170909-WA0007

Дулат МӘТЖАН

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз