Қазақстан Қарулы Күштерінің бүгіні мен ертеңі
Аtr.kz/9 мамыр, 2020 жыл. Мемлекеттің қуаттылығы қарулы күштерінің қауқарлы болуымен байланысты. Әлемде қауіп-қатер көбейіп, жанжалдар жиілеген тұста әскердің маңызы артып тұр.
Елімізде төтенше жағдай жарияланып, карантин енгізілгенде де Қазақстан Қарулы Күштері алдыңғы шептен көрінді. Атырау облысы аумағына қойылған блок-бекеттерде жауынгерлер уақытпен санаспай қызмет етуде. Әскери міндеттілерден құралған еріктілер тобы түрлі нысандарды дизенфекциялау жұмыстарына қатысуда.
Қорғанысқа жұмсалған қаражат
Дүниежүзі елдері әскери салаға қыруар қаражат бөліп, жанталаса қарулануда. АҚШ-тың қорғаныс бюджеті 700 млрд. доллардан асып кетті. Қос көршіміз – Ресей мен Қытай да оның ізін басып келеді. Ал, Қазақстанның қорғаныс саласына бөлген қаржысы биыл 681 млрд. теңгені құрады. Қай мемлекеттің қандай мүмкіндігі барын саралап отырғандар республикамыздың әскери саладағы реформаларын ерекшелеп айтады.
Өйткені, еліміз алғашқы кезден-ақ заманауи, кәсіби қарулы күш құруды мақсат етті. Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, келісім-шарт бойынша қызмет ететіндердің қатары көбейіп келеді. Олар мыңдаған үміткердің арасынан іріктеліп алынуда. Келісім-шарт бойынша қызмет ету әскерге өз ісінің шеберлері, тәжірибелі мамандардың келуіне жол ашады.
Дегенмен, жаңа жүйені өмірге енгізуге көптеген мемлекеттің мүмкіндігі жоқ. Қалыптасқан д а ғ д ы н ы б ұ з ғ ы с ы келмейтіндер де бар. Ал, Қазақ Елі бейбітшілікті ту еткен, аймақтағы тегеурінді елдердің қатарынан саналады. Үлкен реформаларға батыл кірісудің нәтижесінде жоғары талапқа жауап беретін, қауіптің бетін
қайтаруға қауқарлы Қарулы Күштерін қалыптастырды.
О т а н д а с т а р ы м ы з д ы ң әлемнің «қызу нүктелеріне» баруы тәжірибелерін толықтырды. Олар елге ерлік пен кәсібиліктің зор үлгісін көрсетіп оралды. Б а й т а қ ж е р і м і з д і ң ерекшелігіне сәйкес, республика аумағында «Орталық», «Оңтүстік», «Батыс» және «Шығыс» әскери округтері құрылды. Бүгінде жоба өзінің өміршеңдігін байқатып отыр. Мысалы, «Батыс» өңірлік қолбасшылығы Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарының әкімшілік шекараларында орналасқан.
Ал, қолбасшылықтың штабы – Атырау қаласында. Өңірлік қолбасшылықтың құрамына әуе қорғанысы күштерінің орталық бағыныстағы бөлімдері мен әскерлерін қоспағанда, аумақтық бөлініс шегіндегі әскери бөлімдер кіреді. «Атырау» газетінің тілшісіне аталған қолбасшылық құрамындағы әскери бөлімге барудың мүмкіндігі туды. Байқағанымыз, қазір сарбаздарға барлық жағдай жасалған.
Арнайы казармалар қаладағы қонақ үйлерден кем емес. Ғимарат іші қыста жылы, жазда салқын. Әр бөлмедегі бейнекамералар қимыл-қозғалысты жіті бақылап тұр. Жол бастап келе жатқан командир жаңа жүйе түрлі келеңсіздіктердің жолын кескенін айтты. …
Қарабатан тұсындағы атыс полигонына барғанымызда да темірдей тәртіп, өзгеше жинақылықты байқадық. Әскерилер алыстағы нысаналарды түрлі атыс құралдарынан алғашқы сәтте-ақ атып түсіріп жатты. Осы жолы Қазақстанда шығарылатын «Арлан» сауытты техникасымен жақынырақ танысудың да мүмкіндігі туды.
Мамандар жол талғамайтын көлік оқиға орнына жедел жетуге, тосыннан шабуылдауға таптырмайтын техника екенін баяндады. Бірнеше жылдан бері сынақтан өткізіліп келе жатқан «Арлан» қазір еліміздің Қарулы Күштеріне көптеп алынуда.
Реформа нәтижесі қандай?
Ресейдің білікті әскери мамандары «кеңестің ескі техникаларын мұраға алып қалған Қазақстан әскери салада реформа жасады. Онысы өте сәтті болды» деген пікір айтып отыр. Олардың баяндауынша, мұнда шынжыр табанды және дөңгелекті б р о н д ы т е х н и к а л а р , зеңбіректер, артиллериялық құрылғылар, «Ураган», «Град» секілді сұмдық жойғыш қарулар сақадай сай тұр. Ескі-құсқылары сатылып, орнына жаңалары алынуда. «Су», «МиГ» ұшақтары мен тікұшақтары, әлемде теңдесі жоқ «С-300П» зымырандары елдің тыныштығын күзетуде.
– Қ а з а қ с т а н н ы ң басшылығы әскери күштерін қайта жасақтап жатыр. Қару-жарақ сатып алуда Ресейге басымдылық бере отырып, импортты диверсификациялауға ерекше маңыз беруде. Бастысы, көрші мемлекет отандық қорғаныс өндірісін өркендетуге күш салып жатыр. Өнімін өзге елдерге сату да ойлары бар, — дейді Саяси және әскери сараптау институты директорының орынбасары Александр Храмчихин.
Қазір еліміз басқа мемлекеттермен қорғаныс саласы бойынша ынтымақтаса әрекет етуде. Ескірген «Ан-26» тасымалдау ұшақтарының орнына еуропалық әуе кемелері алынды. Оның техникалық жағынан жарақтандырылуы жоғары, артықшылығы көп. Түріктің «Кобра» бронды автокөлігі, көптеген мақсатқа пайдаланатын еуропалық «ЕС-145» тікұшағы өзімізде шығарылады. Америкалық «Хаммер» мен ағылшынның «Лендровер» көліктері де жауынгерлеріміздің тақымында жүр. Қазақта «жау жоқ деме, жар астында» деген сөз бар.
Сарапшылар Ауғанстаннан АҚШ әскерінің шығарылуына байланысты аймақта жағдайдың ушығуы мүмкін екендігін айтады. Қауіпті ағымдардың арбауы талай елдердің шаңырағын ортасына түсірді. Геосаяси мақсаттарына жету үшін алпауыт елдер ештеңеден тартынбайтыны да өмірдің ащы ақиқаты болып тұр. Сондықтан, сыртқы қауіп-қатерлерге байланысты Қарулы Күштерге мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде үлкен міндет жүктелуде. Азат елдің айбынына айналған әскеріміз ол талапқа ж а у а п беретініне т о л ы қ сенімдіміз.
Азамат БАЗАРБАЕВ