Қазақстан Президенті Жеңіс парадына қатысу үшін Мәскеуге барды
Atr.kz/24 маусым, 2020 жыл. Президент Мәскеуде Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа, сонымен қатар «Белгісіз солдат» қабіріне гүл шоғын қоюы және Жеңістің 75 жылдығына арналған салтанатты қабылдауға қатысады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.
Оның айтуынша, кеше түнде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге жұмыс сапарымен барды.
«Ертең, яғни, 24 маусым күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 13:00-де Қызыл алаңда Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысады. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев «Белгісіз солдат» қабіріне гүл шоғын қояды және Жеңістің 75 жылдығына арналған салтанатты қабылдауға қатысады. Қазіргі ауыр эпидемиологиялық ахуалға байланысты Мәскеу сапарының алдында Президент жоспарлы түрде коронавирусқа тест тапсырды. Қасым-Жомарт Кемелұлы бұған дейін де медициналық хаттамаға сәйкес, үнемі тексеруден өтіп келеді» делінген жазбада.