КӨП БОЛЫП КҮРЕСЕР ІНДЕТ

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Діни экстремизм мен терроризм» тақырыбында танымдық сабақ өтті.
«Ондағы мақсат - ел жастарының назарын діни экстремизмнің қатеріне аудара отырып, оның елімізде таралуына идеологиялық тұрғыдан қарсы тұру бағыттарын насихаттау» дейді сабақты өткізген экскурсиялық қызмет көрсету бөлімінің экскурсоводы К.Елеуова.
Аталмыш шараға облыстық Дін істері басқармасының өкілі Артур Айтмағамбетов, орталық «Иманғали» мешітінің наиб-имамы Нұрлан Рамазановтар келіп қатысып, Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының колледжі студенттері мен мұғалімдеріне, мұражай қызметкерлеріне діни танымдық тақырыпта тағылымды дәрістер оқыды. «Мұндай шара бізге аса қажет. Дінсіздікпен хақ исламға бет бұру арқылы ғана күресуге болады» дейді студенттер.

Өз тілшімізден.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз