САРАПТАМА ҚЫЗМЕТІ – ЖЕКЕ НАРЫҚҚА!

Қазіргі уақытта сараптама қызметін көрсететін 19 жеке ұйым аккредиттеуден өтті. Бұл жайдан ҚР Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жер ресурстарын басқару істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов хабардар қылды.

 

Бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту мақсатында технологиялық күрделі ғимараттар мен құрылыстардан өзге барлық мемлекеттік сараптама қызметі жеке нарыққа беріледі. Оның сөзіне қарағанда, бес институционалдық реформаға негізделген, «100 нақты қадамнан» тұратын Ұлт жоспарында 2020 жылға дейін сараптама қызметінің 90 пайызын жеке нарыққа беру жоспарланған. Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «2017 жылы жеке нарыққа сараптаманың 70 пайызы өтеді», деп болжануда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз