Қазақ күресі: атыраулық оқушы Қазақстан чемпионы атанды

photo 2021 02 26 17 21 24 Жаңалықтар

Атырау облысы Исатай ауданының Ғ.Мәсәліміов орта мектебінің  9 сынып оқушысы Олжас Сапарғали Қазақстан чемпионы атанды, деп хабарлайды Атырау облысы Білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

 Нұрсұлтан қаласында  ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 2006-2007 жылы туылған  кіші жасөспірімдер арасында қазақ күресі өтті. 

Қазақстан Республикасы чемпионатына Исатай аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің қазақ күресінің тәрбиеленушісі   Олжас Сапарғали 70 кг салмақ дәрежесінде облыс намысын қорғап, ҚР чемпионатының жеңімпазы атанды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз