0 64

Қазан айынан бастап Қазақстанда жолаушы пойыздарының қатынасы жиілейді

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар

atr.kz/28 қыркүйек, 2020 жыл. Қазан айынан бастап Қазақстанда жолаушы пойыздарының қатынасы жиілейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Жолаушылар тасымалы» АҚ келесі жолаушылар пойыздарының жүру мерзімділігі артқаны туралы хабарлайды:

1) №1/2 «Алматы-2 – Шымкент» аптасына 1 реттен 3 ретке дейін, Алматыдан-2-ден 2020 жылдың 10 қазанынан бастап, ал Шымкенттен 2020 жылдың 11 қазанынан бастап;

2) №11/12 «Алматы-2 – Шымкент» аптасына 2 реттен 4 ретке дейін, Алматыдан-2-ден 2020 жылдың 13 қазанынан бастап, ал Шымкенттен 2020 жылдың 14 қазанынан бастап;

3) №31/32 «Алматы-2 – Павлодар» 2020 жылдың 11 қазанынан бастап Алматыдан, 2020 жылдың 12 қазанынан бастап Павлодардан күн сайын жөнелтіледі;

4) №603/604 «Нұр – Сұлтан Нұрлы жол – Арқалық» 2020 жылдың 2 қарашасынан бастап Нұр-Сұлтаннан, 2020 жылдың 3 қарашасынан бастап Арқалықтан күн сайын жөнелтіледі.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық ақпаратты «105» нөмірі арқылы алуға болады.


Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған