БЕЙНЕЖАЗБАЖаңалықтарҚоғам
Қазақстанның 25 жастағы кәсіпқой боксшысы Жәнібек Әлімханұлы америкалық қарсыласын нокаутпен жеңді (фото, видео)
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (4-0, 1 КО) кәсіби рингтегі бесінші жекпе-жегінде қарсыласын нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Sports.kz. АҚШ-тың Техас штаты Фриско қаласында өткен бокс кешінде 25 жастағы қазақстандықтың қарсыласы 28 жастағы америкалық боксшы Стивен «Хитмэн» Мартинес (18-4, 13 КО) болды.
Сегіз раундтан тұратын кездесудің үшінші раундында Әлімханұлы Мартинесті нокдаунға түсіріп, бесінші раундта төреші жекпе-жекті тоқтатты. Осылайша, Жәнібек кәсіби рингтегі бесінші жеңісіне қол жетізді, ал қарсыласы карьерасында бесінші рет жеңіліп отыр. Естеріңізге сала кетсек, Жәнібек Әлімханұлының кәсіпқой бокстағы ісін Top Rank промоутерлік компаниясы жүргізеді.