Жарнама
Жаңалықтар

Қарабау ауылынан жаңадан 150 орындық спорт кешені бой көтермек

Қызылқоға ауданының Қарабау ауылынан жаңа спорт кешені салынады, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аудан әкімінің халықпен кездесу жиналысында айтылатын мәселенің бірі — Қызылқоға ауылдық округінің орталығы Қарабау ауылынан спорт кешенін салу. Осыған орай биыл аталған құрылыс үшін 150 млн теңге қаржы бөлініп отыр.

Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Дулат Нығметовтің айтуынша, құрылыс жобасының құны — 399 млн 234 мың теңге. Құрылыс жұмыстарын жүргізуші мердігер мекеме мен техникалық қадағалаушы ұйымды анықтау үшін мемлекеттік сатып алу порталына жарияланған. Құрылыс жұмыстары биыл басталатын болады.

Айта кетейік, құрылыс жұмыстарын жүргізу 2023-2024 жылдарға жоспарланған. Ал Қарабау ауылында 1420 тұрғын бар.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button